Колумбиялық Мария Осорио мен қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сайыс бойынша Australian Open 2024 турнирінің басында С.Сандерс/К.Синякова дуэтінен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:7, 5:7 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 29 минутқа созылды.

Australian Open 14-27 қаңтар аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 58 миллион долларды құрайды.