2023 жылдың үздік голы үшін Пушкаш сыйлығын бразилиялық жартылай қорғаушы Гильерме Мадруга иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Best FIFA Football Awards марапаттарын табыстау рәсімі дүйсенбі күні Лондонда өтті.

2023 жылы 23 жастағы Мадруга «Ботафого» сапында өнер көрсетті. Ол сыйлықты Бразилияның екінші дивизионындағы «Новоризонтино» соққан голы үшін алды. Қазіргі уақытта Мадруга Бразилияның бірінші лигасының «Куяба» клубының түстерін қорғайды.

Айта кетейік, былтыр Пушкаш жүлдесін польшалық футболшы Марцин Олексы алған болатын.