Испаниялық «Севилья» «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Аннибаль Межбримен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фабрицио Романоның мәліметінше, 20 жастағы тунистік ойыншыны 20 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен жалға алған. «Севильяда» Межбри 46-нөмірмен өнер көрсетеді.

Осы маусымда Аннибаль Межбри «Манчестер Юнайтед» сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты.