1 және 4 ақпан аралығында Алматыда Eurasia Jastar Cup халықаралық хоккей турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, турнирге 18 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Бір жыл бұрын турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өткен болатын.Қатысушылар құрамы өзгеріссіз қалды, өткен жылғыдай Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан басқа, 18 жасқа дейінгі Беларусь командасы, 16 жасқа дейінгі Ресей және Ресей қыздар құрамасы қатысады.

Матчтар айналымдық жүйемен өтеді, бұл ретте қыздар есептен тыс ойнайды. Негізгі хоккей турнирінен басқа, 3х3 турнирі өтеді.

Eurasia Jastar Cup кестесі:

1 ақпан, 15:00 – Ресей U16 – Ресей қыздар

1 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18

2 ақпан, 15:00 – Беларусь U18 – Ресей U16

2 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыздар

3 ақпан, 11:30 – 3х3 турниріҚазақстан U18 – Ресей қыздарРесей U16 – Беларусь U18

3-орын үшін матч

Финал

4 ақпан, 12:00 – Беларусь U18 – Ресей қыздар

4 ақпан, 17:00 – Қазақстан U18 – Ресей U16

Бұл турнир хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болмақ.