Бахрейндегі гандболдан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойынында Қазақстан ерлер құрамасы жеңске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық гандболшылардың екінші ойындағы қарсыластары Гонконг құрамасы болды. Азия чемпионатының топтық кезеңі матчында отандық спортшылар 27:22 есебімен жеңіске жетті.

Бахрейндегі Азия чемпионаты. Ерлер. Топтық кезең

Қазақстан – Гонконг 27:22

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан гандболдан Азия чемпионатын жеңіліспен бастаған.