Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Тенерифедегі «Челленджер» сериясындағы турнирдің іріктеу кезеңі матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеевтің қарсыласы литвалық вундеркинд Вилиус Гаубас болды. Қазақстандық спортшы 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.