«Ақтөбе» 31 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Леонел Струмиямен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа келісімшарт 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

Струмия «Ақтөбеге» 2023 жылдың ақпан айында Латвияның «Лиепая» клубынан келген болатын.

Өткен маусымда ол «қызыл-ақтардың» сапында 30 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.