Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Prosports.kz сайтына «Тобыл» (Қостанай) футбол клубының тең иелері Әлімжан Қалдияровпен жасаған бәсі жайлы айтып берді.

«Бәрі өте шынайы! Егер олар чемпионатта жеңілсе, Тореттоныкі сияқты қара көлік менікі болады! Мұны Әлімжан Қалдияровтың командасына мотивация болсын деп жасадым (күледі). Егер олар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетсе, бір жекпе-жегіме «Тобыл» жейдесін киіп шығамын», - деп түсіндірді файтер.

«Найман» лақап аты бар 35 жастағы Хамитов (26-7-2) кейінгі жекпе-жегін былтыр 19 мамырда Алматыдағы өткізді, Hardcore MMA 62 турнирінде ол грузиялық Залимхан Юсуповты (19-15) төрешілер шешімімен жеңді.