«Ақтөбелік» қақпашыларды 54 жастағы украиналық маман Валерий Ситало жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Валерий Ситало ойыншы ретінде өз елінде, сондай-ақ Венгрия, Германия және Ресейде өнер көрсетті. Бапкерлік мансабын украиналық «Рос» клубында бастап, Қазақстанға 2003 жылы келген. «Атырауда» үш жыл жұмыс істесе, 2006 жылдан осы уақытқа дейін қарағандылық «Шахтер» клубында қызмет етті.Маман Александр Мокин, Давид Лория, Стас Покатилов және Игорь Шацкий сынды қақпашыларды дайындады.

Айта кетейік, Валерий Ситало қазір Қазақстан құрамасының қақпашыларын жаттықтырып жүр.