Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кирилл Полохов мансабын «Арланда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 15 қаңтарда «Барыс» хоккейшімен келісімшартты тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған, ол елордалық клубтан өз еркімен кеткен.Биылғы маусымда 25 жастағы қарағандылық түлек ҚХЛ тұрақты чемпионатында 17 кездесу өткізген.

Айта кетейік, Кирилл Полохов өткен маусымда «Арлан» сапында өнер көрсетіп, 41 матчта 24 (2+22) ұпай жинаған болатын.