Семейлік «Елімай» босниялық орталық қорғаушы Иван Сараваньмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін 27 жастағы ойыншы австриялық «Адмир» мен «Австрия Клагенфурт», сондай-ақ кипрлік «Акритас» командаларында өнер көрсеткен. Сараванның соңғы клубы босниялық «Широги Бриег» болды. Босния және Герцеговина Премьер-лигасының ағымдағы маусымында хорват 16 матч өткізді.