"Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Шацкийдің ақ-қызылдар құрамына ауысқанын ресми хабарлайды.

34 жастағы ойыншы қарағандылық "Шахтер" түлегі және бүкіл мансабын дерлік Шацкий өз клубында өткізді.

Сондай-ақ ол астаналық "Жеңіс" пен қостанайлық "Елімай" сапында да өнер көрсетті.

2017 жылдан бастап ұлттық құрамаға тартыла бастаған Игорь команданың негізгі қақпашысына айнала білді. 2022 жылы "Қазақстан Премьер-лигасының үздік қақпашысы" атанып, "Жыл спортшысы" номинациясында ұлттық жүлде иегері атанды.