Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің жүлде қоры белгілі болды. Ұйымдастырушылар 2024 жылы ақшалай сыйлықтарды өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсірген.

Жекелей сында жеңімпаз болған теннисшілер 2 110 500 АҚШ долларын алса, финалға өткен спортшыларға 1 155 750 АҚШ доллары төленеді. Ал жұптық сында жеңіс тұғырынан көрінгендер 244 000 АҚШ долларын иемденеді.

Еске салайық, әйелдер арасындағы жекелей сында титулға басты үміткерлердің бірі – қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. "Үлкен дулыға" турнирінің басты фавориті – польшалық Ига Швентек, ал екінші орында беларусиялық Арина Соболенко. Өткен жылғы турнирде Рыбакина финалға жетіп, Соболенкодан жеңіліп қалған еді.