Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 31-ден 27-сатыға көтерілді.

Қазақстандық теннисші өзінің өткен жылғы үздік көрсеткішіне (25) жақындады.

Денис Евсеев 184-орнында қалса, Бейбіт Жұқаев 188-ден 193-ке сырғыды.

Тимофей Скатов 228-ден 227-ге, Аргентинадағы Буэнос-Айрес турнирінің финалына дейін жеткен Дмитрий Попко 417-ден 358-ге жетті. Михаил Кукушкин 262-орында.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов 46-дан 44-ке жоғарыласа, Андрей Голубевтің жағдайы бұрынғыша (64).

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингісінде Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина үздік үштікте, Юлия Путинцева 64-сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина 44-орында қалса, Жібек Құламбаева 144-тен 141-ге көтерілді.