Бүгін «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті чемпионаты аясында тағы бір ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Екатеринбургте жергілікті «Уралмаш» клубына қарсы өтті. Бұл кездесуде 71:74 есебімен «Уралмаш» жеңіске жетті.

Қазақстандық клубтың ең нәтижелі ойыншысы 21 ұпай жинаған Андерсон Карвел болды.

Айта кетейік, кейінгі матчта Олег Киселев шәкірттері «Пармадан» 86:76 есебімен жеңілген болатын.

«Уралмаш» - «Астана» 74:71 (16:21, 20:18, 17:14, 21:18)