2024 жылғы Құрлықтық кубок финалдық турнирінің екінші ойын күні қорытындысы бойынша оның жеңімпазы анықталды.

Негізгі уақытта "Кардифф" (5:2) пен "Хернинг Блю Фоксты" (7:2) жеңген "Номад" қорытынды тур алдында алты балл жинады. Кешегі ойын күнінің кешкі матчында "Катовице" құрамасы уэльстіктерге есе жіберді (2:3), енді «Номадты» жеңгеннің өзінде поляктар ұпай саны бойынша қазақстандықтарды қуып жете алмайды.

Осылайша, "Номад" мерзімінен бұрын Құрлықтық кубоктың жеңімпазы атанды. Еске салайық, қазақстандық команда мұндай нәтижеге екінші рет қол жеткізіп отыр. 2019 жылы ҚК финалында бірінші орынды көкшетаулық «Арлан» иеленген болатын.

Турнирдің қорытындысы бойынша Уэльстегі финалдың үздік бомбардирі екі гол салып, нәтижелі пас берген – Станислав Александров. Соққылардың 92,59%-ына тойтарыс берген Никита Бояркин турнир қақпашыларының топ-2 кірді.