Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында UFC-дегі жекпе-жегіне неге Қазақстанда дайындалатынын айтты.

– Бұл шешімге командамен келдік. Бапкерім Дәнеш ағай екінші жекпе-жегіме жаттығу жоспарын жасады. Басында Ақбұлақ жақта тауда жаттықтым. Физикалық бабыма келіп, төзімділікке жаттықтым. Ал қазір Triumph Fights клубында жиын өткізіп жатырмын, – деді ол.

Азат Мақсұм 4 ақпан күні таңертең Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 235 турнирінде Нейт Мэнесспен (15-3) кездеседі. Америкалық файтер UFC-де 2020 жылы қазаннан бері алты жекпе-жек өткізді - 4-2. Ал 28 жастағы Мақсұм UFC-де жалғыз жекпе-жек өткізді, биыл 15 шілдеде ол тәжірибелі Тайсон Нэмды төрешілер шешімімен жеңді.