Премьер-лигаға оралған «Тұранда» мамандар ауысып, қарызынан құтылуды жоспарлап отыр.

Клубқа жақын дереккөздің мәліметінше, түркістандықтардың спорт директоры Мұрат Тілешев қызметінен кеткен. Оның орнына жаңадан маман келеді.

Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстаған Константин Горовенко «Тұранды» да жаттықтырады. Қос тарап бір келісімге келген. Ресми ақпарат жақын уақытта жарияланады.

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды футбол клубына қолдау көрсететінін айтып, қарызды жабуға тапсырма берген. Қазіргі директор Әлібек Нұртаевқа сенім артып отыр.