Лас-Вегаста UFC Vegas 84 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты оқиғасы Магомед Анкалаев пен Джонни Уокердің жекпе-жегі болды. Жекпе-жек Анкалаевтың екінші раундта нокаутпен жеңуімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жекпе-жек өткен жылдың қазан айында өтіп, ресейлік тарапынан тыйым салынған соққыдан кейін бразилиялық жекпе-жекті жалғастыра алмағандықтан жарамсыз деп танылған болатын.

Анкалаев үшін бұл мансабындағы 18-ші жеңісі. Уокер 29 жекпе-жегінің 8-інде жеңілді.