«Челси» «Палмейрас» вингері Эстеваоның трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es мәліметінше, лондондықтар 16 жастағы шабуылшы үшін шамамен 60 миллион еуро төлейді.

Трансфердің өзі 2025 жылдың жазында, ойыншы 18 жасқа толғанда болады.

Эстеваоның «Палмейраспен» келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншыны 10 миллион еуроға бағалап отыр.

Форвард бразилиялық клубтың негізгі командасында 1 матч өткізді. Екінші команда сапында 17 ойында 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.