Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан əйелдер құрамасы винтовкамен аинтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.

«Осы бағдарламада қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сонымен қатар Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болды», - делінген ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама бар. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.