Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының 15-туры аясында «Ордабасы» мен «Аят» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде рудныйлық команда 10:1 есебімен қарсыласын тас-талқан етті. Жеңімпаздар сапында Розенски, Марахов және Жеже дубль және Валиуллин хет-трик жасады, ал Леандерсон болса бір гол соқты.

«Ордабасы» сапындағы жалғыз голды Даниэль соқты.

Қазақстан чемпионаты. 15-тур

«Ордабасы» - «Аят» 1:10