Германия футбол қауымдастығы «Боруссия» жартылай қорғаушысы Эмре Джанды Германия құрамасының 2023 жылғы үздік ойыншысы деп атады.

Жанкүйерлердің 64,6 пайызы Джанға дауыс берді. Дауыс беруде екінші орынды «Боруссия» шабуылшысы Никлас Фюллькруг (11,7%), үшінші орынды «Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала (9,4%) иеленді. Мусиала 2022 жылы ұлттық құраманың үздік ойыншысы атанған.

2023 жылы Эмре Джан Германия құрамасы сапында 6 матч өткізді.