«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөзқызметі ресми хабарлады.

23 жастағы ойыншы «Ақтөбе» сапында 2024 жылдың аяғына дейін өнер көрсетеді.

Футболшы «Ақтөбеге» 2022 жылғы маусымның басында ауысқан, содан бері барлық турнирде 52 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.