Атақты боксшы Леннокс Льюис проф-рингтегі ең қауіпті қарсыласын атады, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, Льюис 1999 жылы реванш кездесуінде Эвандер Холифилдті жеңіп, аса ауыр салмақтағы соңғы абсолютты әлем чемпионы атанды. Ал 2002 жылы Майк Тайсонды нокаутқа түсіріп, белбеуін қорғады.

«Эвандер өте дарынды болатын. Мамандар Холифилдті біздің дәуіріміздегі ауыр салмақта ең үздік боксшы деп таныды, бірақ менімен жекпе-жектен соң ешкім бұлай айта алмады.

Бірінші жекпе-жекте Эвандер рингте тым сенімді болды, сондықтан мен оны есеңгіретіп жібердім. Екінші рет ол не күтіп тұрғанын білді, сондықтан қиынырақ кездесу болды, бірақ бәрібір еш қиналмай жеңіске жеттім», - деп еске алды Леннокс The Ring басылымына берген сұхбатында.

Ол соққысы ең ауыр қарсыласы жайлы сұраққа күтпеген жауап берді – Шеннон Бриггс. Ол WBC «Lion» чемпиондық белбеуіне үміткер болды. Алайда Льюис бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

«Оған төзімділік жетіспеді, бірақ Бриггс өз салмағын соққыға қалай пайдалану керектігін білді», - деп түйіндеді сөзін британиялық боксшы.