Шымкенттік «Ордабасы» 30 жастағы бразилиялық қорғаушы Режиналдомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қорғаушы бразилиялық «Жувентуде», «Регатас», «Агуа Санта», «Лондрина» және т.б. клубтарында ойнаған. Режинальдо мансабында 328 матч өткізіп, 7 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген.