Қаңтардың 13-інен 14-не қараған түні Квебекте (Канада) лицензиялық турнир өтеді, оның басты жекпе-жегінде ресейлік боксшы Артур Бетербиев пен британиялық Каллум Смит кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшылар Бетербиевке тиесілі WBC, IBF және WBO чемпиондық белбеулері үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Каллум Смиттің салмағы 79,2 келі болды. Артур Бетербиевтің салмағы 79,4 келі.

Айта кетейік, Артур Бетербиев кәсіпқой мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, оның 19-ында жеңіске жеткен. Каллум Смитте 29 жеңіс және бір жеңіліс бар.