Өткен жыл қазақстандық аралас жекпе-жек үшін көптеген айтулы оқиғаға толы болды, жеңістің қуанышын да, жеңілістің ащысын да сезіндік.

Мамандар мен ММА сарапшылары UFC-мен келісімшарт жасасуға негізгі үміткерлердің бірі деп санайтын OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Дамир Төленов (11-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Қазақ Сехудосы» қыркүйекте бразилиялық Клаудечи Бритодан (9-3) күтпеген жерден жеңілген еді.

Қазақстандық файтер Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында сол жеңілісі жайында айтып, UFC туралы сұрақтарға жауап берді.

– Дамир, өткен 2023 жылды өзіңіз және кәсіби мансабыңыз үшін қалай бағалай аласыз?

– 2023 жыл мен үшін өте жарқын жыл болды – жеңіс те, жеңіліс те көрдік. Чемпиондық белбеусіз қалдым. Неше түрлі есте қалар сәт болды. Әрине, көбірек жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ салмақ қууға, жарақаттарға және басқаларға байланысты жиі жекпе-жек өткізу мүмкін емес.

– Жеңіліс туралы айтар болсақ, бұл бәріне үлкен тосынсый болды, оны психологиялық тұрғыдан қалай жеңдіңіз?

– Бірінші жеңілісімді қалыпты қабылдадым. Өзімнің әлсіз тұстарыммен жұмыс істей бастадым. Әрине, мұны ешкім күткен жоқ, бірақ бәрібір бізді жеңілмейтін дәрежеге көтермеу керек, өйткені біз бәріміз қарапайым адамбыз және жеңілуіміз де ықтимал. Егер жеңілмесеңіз, демек дұрыс емес адамдармен күресіп жатқаныңыз. Сондықтан мен жеңілісті жақсы қабылдадым деп ойлаймын, енді тек жеңіске жетемін және жекпе-жектерге ойша жақсырақ қараймын.