Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 31-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Дрэйперден жеңіліп қалды. Матч 6-7 (2-7), 4-6 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалда қазақстандық спортшы италиялық Лоренцо Музеттиді 6:3, 6:7, 7:5 есебімен жеңген болатын.