Шымкенттік «Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында үш жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойын 16 қаңтарда өтеді. «Ордабасы» косоволық «Приштинамен» кездеседі. Қазақстандық команда келесі ойынын 20 қаңтар күні Польшаның «Легиясы» командасына қарсы өткізеді. Үшінші матч 27 қаңтарға жоспарланған. Қарсыласы польшалық «Ягеллония» болады.