Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Израиль құрамасын ресми жарыстардан шеттетті. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Bassport.kz.

«IIHF кеңесі ұзақ талқылаудан соң қауіпсіздікті сақтау мақсатында Израиль құрамасын жарыстарға қатыстырмау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Бұл шешім жарысқа қатысушылардың, соның ішінде, израильдік спортшылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше күшінде қалады.

Аталған мәлімдемеге қатысты Израиль тарапы да жауапсыз қалған жоқ. Елдегі хоккей федерациясы Спорттық арбитражды сотқа шағымдануда. Айта кетелік, IIHF 2022 жылы Ресей мен Беларусь құрамаларын жарыстан аластатқан болатын.