Биатлоннан Германияның Рупольдинг аймағында өткен әлем кубогі кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.

7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты. Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан +3:44.7 минутқа қалып қойған.

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.