Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Орта салмақ дәрежесінде Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орынды сақтап қалды.

Бұл дивизионда IBF/WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы. Рейтингідегі алғашқы екі орын бос, ал үшінші орынды неміс спортшысы Денис Радован иеленді.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 12-орыннан 13-орынға түсті. Бұл салмақта да алғашқы екі орын бос, үшінші орында Тәжікстан боксшысы Шавкат Рахимов тұр. IBF нұсқасы бойынша бұл дивизионда әлем чемпионы – британдық Джо Кордина.