«Жетісу» ФК Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында кездесетін қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында кездесетін қарсыластарымыз белгілі болды.

Жаңа маусымға даярлық барысында жетісулықтар екі жолдастық кездесу өткізеді. Қарсыластарымыз армениялық «Алашкерт» пен ресейлік «Чайка» командалары, ойын 24-27 қаңтар күндері жоспарланған», - делінген клуб хабарламасында.