«Астананың» 23 жастағы сол қаптал ойыншысы Сағи Совет командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Совет «Астана» футбол клубымен қош айтысты.

Сағи елордалық футбол мектебінің мақтанышы және «Астана» футбол клубының түлегі.

Біздің клубта ержетіп, аяқдопшының бар кезеңін өткерді, негізгі құрамға дейін көтеріліп, алаңда тамаша ойын көрсете білді.

2022 жылғы маусымда команда сапында 22 матч өткізіп, Қазақстан чемпионы атанды.

«Астана» футбол клубы Сағиға алғыс айтып, оны жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенім білдіреді.

Рахмет, Сағи!», - делінген клуб хабарламасында.