Елордада бокстан Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев атындағы халықаралық турнир өтпек.

Биыл Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған жасөспірімдер арасындағы бокс турнирі ұйымдастырылады. Ол ресми жарыстар күнтізбесіне енді. Аталмыш бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сияқты көрші мемлекеттерден 300-ге жуық қатысушы жиналады деп жоспарланып отыр. Бокс турнирі 2 жас деңгейі бойынша өтеді. Жалпы 14 салмақта жеңімпаздар анықталады.

Жүлдеге ие болған спортшыларға қаржылай сыйақы табысталмақ. Бақтияр Артаев – 2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері. Сондай-ақ әлем чемпионаттары мен Азия біріншіліктерінде бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінді.