Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Загребте (Хорватия) өтіп жатқан Zagreb Open-2024 халықаралық рейтингтік турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Дәулетбеков финалда болгариялық Магомед Рамазановқа 5-8 ұпаймен есе жіберді.