Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге, Аделаидада өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде Недовесов/Эскобар К.Францен (Германия)/Х.Йебенс (Германия) жұбын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында Қазақстан-Эквадор жұбы Р.Бопанна/М.Эбден жұбымен ойнайды.