Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина украиналық Надежда Киченокпен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – мысырлық Маяр Шерифпен кездесуі керек еді.

Алайда Н.Подороска – М.Шериф матчқа шықпай қалды да, қазақстандық-украиналық жұп ойнамастан жартылай финалға жолдама алды.

Анна Данилина – Надежда Киченок соңғы бәсекеге шығу үшін қытайлықтар Ханью Гуо – Синью Яньмен таласады.