Қостанайлық «Тобылдың» бірнеше ойыншысы клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарттардың аяқталуына байланысты және тараптардың өзара келісімі бойынша командадан мына футболшылар кетті: Иван Коновалов, Боян Младович, Павел Забелин және Павел Киреенко.

Естеріңізге сала кетейік, қостанайлықтар жаңа маусымға дайындықты Анталия қаласында (Түркия) бастады.