Аделаидада (Австралия) өтіп жатқан WTA-500 санатындағы ауыр турнирдің екінші айналымында әлемнің 21-ракеткасы, ресейлік теннисші Екатерина Александрова отандасы Вероника Кудерметованы (WTA рейтингінде 16-орын) ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 6:4, 6:4 есебімен Александрованың пайдасына аяқталды.
Матчтың ұзақтығы 1 сағат 26 минутты құрады.
Аделаидадағы жарыстың ширек финалында Александрова әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездеседі. Австралиядағы турнир 13 қаңтарда аяқталады.
Комментарии