Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Аделаидада өтіп жатқан WTA-500 турнирінде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы турнирді екінші айналымнан бастап, испаниялықКристина Букшамен (WTA рейтингінде 60-орын) кездесті.

Матч 6-3, 7-5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, үш күн бұрын Елена 2024 жылы алғашқы титулын жеңіп алған болатын. Брисбендегі (Австралия) WTA-500 турнирінің финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Белаоусь өкілі Арина Соболенконы (WTA рейтингінде 2-ші орын) 6:0, 6:3 есебімен жеңген еді.