«Атырау» Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

14 қаңтарда «мұнайшылар» Түркияға аттанады. «Атыраудың» алғашқы оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Анталияда өтеді.

Екінші оқу-жаттығу жиынында атыраулық клуб Данияның танымал «ХБ Кёге» клубымен кездесетіні белгілі болды.