Петропавлдық «Қызылжар» тулалық «Арсеналмен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб Ресей бірінші лигасында ойнайды. 2022/23 маусымында ресейлік команда 41 ұпай жинап, 13-орынға алды. 2023/24 маусымында клуб 5-орында келеді.

«Қызылжар» 39 ұпай жинап маусымды 5-орында аяқтады.

Командалар арасындағы кездесу 23 ақпанға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, петропавлдық клуб Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бірінші ОЖЖ 10 қаңтарда басталып, 30 қаңтарға дейін жалғасады. Екінші оқу-жаттығу жиыны 3-23 ақпан аралығында өтеді.