Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы Австрияда халықаралық оқу-жаттығу лагеріне қатысуда, деп жазады Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Австрияның Миттерзиль қаласында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері өтіп жатыр. 15 қаңтарға дейін жалғасатын халықаралық жиынға Қазақстан әйелдер құрамасынан 6 спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдауда.

Олар:

Абиба Абужақынова (48 келі)

Ғалия Тынбаева (48 келі)

Бақыт Құсақбаева (57 келі)

Эсмигүл Куюлова (63 келі)

Аруна Жангелдина (-8 келі)

Камила Берліқаш (+78 келі)

Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев