ВТБ Біріккен лигасының кезекті чемпионатында «Астана» өз алаңында Пермьдің «Парма» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» плей-офф кезеңіне өту үшін күресті жалғастыруда. Қазақстандық ұжым 20 кездесуде сегіз рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде 11-орында тұр.

Олег Киселев шәкірттері соңғы үш кездесуді сырт алаңда өткізіп, барлық матчта ұтылды. 5 қаңтарда команда «Локомотив-Кубань» командасынана есе жіберді (83:93).

«Парма» маусымды нашар бастады, бірақ жақында алты ойындық жеңісті сериясын жалғастырып, алтыншы орынға көтерілді.

Соңғы матчта Евгений Пашутин шәкірттері өз алаңында «Зениттен» ұтылды (79:84).

«Астана» - «Парма» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.