Қазандағы «Татнефть-Арена» стадионында Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионатында «Ак Барс» пен «Барыс» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі уақыт пен қосымша уақытта ешбір шайба соғылмады – есеп 0:0. Буллит сериясында 1:0 есебімен Қазандық команда жеңіске жетті.

Айта кетейік, келесі ойында «Барыс» Астанада Тольяттидің «Ладасымен» ойнайды.

«Ак Барс» (Казань) - «Барыс» (Астана) 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - Семенов - 65:00 Б

Қақпашылар: Билялов - Шутов