Семейдің «Елімай» ФК Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Грозныйдың «Ахматымен» жолдастық кездесу өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ОЖЖ аясында Елімай Ресей Премьер-Лигасының тұрақты қатысушысы Ахматқа қарсы жолдастық кездесу өткізеді», - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Ойын 19 қаңтарда Түркияның Белек қаласында өтеді, матчтың басталу уақыты әлі белгісіз.

Кездесу YouTube-тегі ресми «Eлімай» арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.