Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, Аделаидадағы халықаралық турнирдің жұптық сынында екінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы матчта Недовесов/Эскобар жұбы Т.Уайлд (Бразилия)/Х-П.Варильяс (Перу) жұбын 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 6 минутқа созылды.

Айта кетейік, турнирдің ширек финалында Қазақстан-Эквадор дуэті Дж.Ройер/Л.Гласспул жұбымен кездеседі.