«Әл-Духаиль» жартылай қорғаушысы Филипп Коутиньо «Интер Майами» сапына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

As мәліметінше, 31 жастағы бразилиялық «Астон Виллаға» тиесілі, бірақ футболшы англиялық командаға керек емес.

Катар клубындағы Коутиньоның жалға беру мерзімі 2024 жылдың жазында аяқталады. Осы маусымда ол «Әл-Духаиль» сапында 11 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы ойыншыны 9 миллион еуроға бағалап отыр.